Саясаттардың жалпы параметрлері

Барлығын жаю | Барлығын жию

Жалпы

Жалпы бөлімінде саясаттың күйін өзгертуге және саясат параметрлерін иеленуді конфигурациялауға болады:

Оқиғаны конфигурациялау

Оқиғаны конфигурациялау бөлімінде оқиғаларды тіркеуді және оқиғалар туралы хабарлауды конфигурациялауға болады. Оқиғалар қойыншалардағы маңыздылық деңгейлері бойынша бөлінген:

Әр қойыншада, оқиғалар түрлерінің тізімі және оқиғаларды әдепкі бойынша Басқару серверінде сақтау уақыты көрсетіледі (күндермен). Сипаттар түймесі бойынша тізімде таңдалған оқиғаларды тіркеу және хабарлау параметрлерін конфигурациялауға болады. Әдепкі бойынша, барлық Басқару сервері үшін көрсетілген жалпы хабарландыру конфигурациясы оқиғалардың барлық түрлері үшін қолданылады. Дегенмен, белгіленген оқиға түрлері үшін белгілі бір параметрлерді өзгертуге болады.

Ескерту қойыншасында Инцидент орын алды оқиғасының түрін конфигурациялауға болады. Мұндай оқиғалар, мысалы, тарату нүктесінің дискісіндегі бос орын 2 ГБ-тан аз болған кезде туындауы мүмкін (бағдарламаларды орнату және жаңартуларды қашықтан жүктеу үшін кемінде 4 ГБ қажет). Инцидент орын алды оқиғасын конфигурациялау үшін, оны таңдап, Сипаттар түймесін басыңыз. Осыдан кейін, сіз болған оқиғаларды қайда сақтау керектігін және олар туралы қалай хабарлау керектігін көрсете аласыз.

Желілік агент инцидентті анықтаса, сіз бұл инцидентті басқарылатын құрылғы параметрлері арқылы басқара аласыз.

Оқиғалардың бірнеше түрін таңдау үшін SHIFT немесе CTRL пернелерін пайдаланыңыз, барлық түрлерін таңдау үшін Барлығын таңдау түймесін пайдаланыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Вирустық індеттердің туындауын бақылау

Басына оралу